2025 жылғы 11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясындағы тапсырмасына сәйкес «Этносаралық шиеленістерді шешудегі медиация тәсілі» атты семинар-тренингі ұйымдастырылды

Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Байнешов, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, облыстық мәслихат депутаты С.Вишняк, этномедиация кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты М.Қойлыбаев, ҚХА мүшелері, құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Қатысушыларға республикалық медиация кеңесінің мүшесі, тренер А.Куртаева этносаралық шиеленістерді шешудегі медиация тәсілдері мен кейстері бойынша тәжірибелік дағдыларды үйретіп, сертификаттар табыстады.
#этносаралықмедиация
#ҚоғамдықкелісімАқтөбе
#этномедиацияы.