Мәлік Отарбаев Ақтөбе облысының жастарымен кездесті

Мәлік Отарбаев Ақтөбе облысының жастарымен кездесті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» конференц-залында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың облыс жастарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында облыстық жастар саясатының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев өңірдегі жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының өңірде жүзеге асырылуы жайында Нұржан Шаңғытбаев мәлімет берді. Ал Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстан студенттері Альянсының» төрағасы және облыстық студенттік омбудсмен Темірлан Алдажаров жастардың білім мен құқық саласындағы бастамалары туралы сөз сөйледі.

Кездесу аясында жастардың шығармашылығын, белсенділігін және қоғамға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Zhas Project» жобасы да айтылды. Соңғы екі жылда аталған жоба аясында 28 ақтөбелік жас өз ісін ашуға мүмкіндік алған. Солардың бірі – «Қазақша дамытқыш ағаш ойыншықтар» цехын ашқан Айбат Жақсығұл өз жетістіктерімен бөлісті.

Кездесу ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қорытынды сөзімен аяқталды, ол жастарға алғыс білдіріп, оларды белсенді болуға, ел дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.