Шалқар ауданында облыс әкімі Тоғыз ауылының тұрғындарымен кездесті

Шалқар ауданында облыс әкімі Тоғыз ауылының тұрғындарымен кездесті

🏥 Тоғыз ауылында облыс әкімі қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа медициналық пунктті көрді. Жобаның жалпы құны 142,2 млн теңге.

🩺 Медициналық пункт бір ауысымда 25 адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда медбике, санитар және электрик қызмет атқарады.

✨ Тоғыз ауылының тұрғындары жаңа медициналық пунктке дән риза. Медициналық нысан алғашқы көмек көрсетуге қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.

«Халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Әсіресе шалғай ауылдар үшін мұндай нысандар тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер етеді»,


– деп атап өтті Асхат Шахаров.