🏛 Өңір басшысы Асхат Шахаров Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барды

🏛 Өңір басшысы Асхат Шахаров Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барды

📍 Облыс әкімі сапары барысында білім беру нысандары мен ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне баса назар аударды.

🏫 Сарыжар ауылында өңір басшысы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа мектепті аралап көрді. 300 орындық білім ордасы 2025 жылы пайдалануға берілген.

⚜️ Асхат Шахаров оқу кабинеттері мен шеберханалардың жабдықталуын қарап, оқу жағдайымен танысып, оқушылармен әңгімелесті. Ол өңірде білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқанын алға тартты.

🏫 Кеңсахара ауылында облыс әкімі 100 орындық жаңа мектептің құрылысымен де танысты. Нысанның мердігері – «Номад Құрылыс» ЖШС. Мектепті осы жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда ғимаратта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, нысанның дайындық деңгейі шамамен 70%.

🎯 Өңір басшысы құрылыс барысымен танысып, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтаудың маңыздылығын сөз етті. Ол әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, әсіресе білім беру саласы басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.