
Ақтөбе облысының шалғай жатқан ауылдарының бірі – Бозойда жаңа білім ордасы бой көтеруде. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, құрылысшылар іргетасын қалап жатыр.
Жоба құрылысына «СДС-2012» ЖШС жауапты. Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынып жатыр.
Жалпы, 320 орындық жаңа мектептің құрылысы ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болмақ. Нысан іске қосылғаннан кейін оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи әрі қолайлы білім беру ортасы қалыптасады.
Айтып өтейік, Бозой ауылында 1997 жылы салынған мектеп жұмыс істейді. Оқу ордасында 722 оқушыға 84 ұстаз білім береді.