🏫 Ойылда жаңа мектеп-балабақша кешені ашылды

🏫 Ойылда жаңа мектеп-балабақша кешені ашылды

🏫 Ойылда жаңа мектеп-балабақша кешені ашылды

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 320 орындық заманауи мектеп-балабақша кешені пайдалануға берілді.

📍 Нысан аудан орталығындағы Шүкір Еркінов көшесінде орналасқан. Білім беру мекемесінің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, салалық басқарма басшылары, аудан әкімі, мердігер ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аталған нысан Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынды.

Жоба 2024 жылы басталып, қысқа мерзімде «Интер Стиль» компаниясы тарапынан жүзеге асырылды. Кешен орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған және заманауи талаптарға толық сай жабдықталған.

📚 Ғимаратта 20 оқу кабинеті қарастырылған. Олардың қатарында жаңа модификациялық физика, химия, биология және лингафон кабинеттері бар. Сонымен қатар, ер балаларға және қыз балаларға арналған арнайы шеберханалар жабдықталған.

✨ Жаңа нысан ауыл балаларына сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамытуға серпін береді.