🏊‍♂️ Шалқарда аудан тарихындағы алғашқы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

🏊‍♂️ Шалқарда аудан тарихындағы алғашқы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

🎉 Көктемгі мерекелер қарсаңында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанынан салынған бұл нысан тұрғындар күткен маңызды оқиға болды.


Спорт кешені Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынды.


👥 Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, облыстық коалиция жетекшісі Ербол Данағұлов, Шалқар ауданының тұрғындары, еңбек ардагерлері мен жас спортшылар қатысты.


🏢 Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені – әкімшілік блок, жаттығу залы және тереңдігі 2 метрге дейінгі 25 метрлік бассейні бар бір қабатты ғимарат. Мұнда киім ауыстыратын бөлмелер, душ кабиналары мен медициналық кабинет қарастырылған.


🏋️ Кешенде жүзу және су спорт түрлері, пауэрлифтинг, ауыр атлетика, кроссфит бойынша жаттығулар, сондай-ақ шахмат пен тоғызқұмалақ үйірмелері өткізіледі. Жалпы алғанда, мұнда 336 бала спортпен шұғылдана алады.


🏗️ Спорт нысанының құрылысы 2023 жылдан бері жүргізілді. Ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы аяқталмаған нысанды қарап, құрылысты қайта жандандыруды тапсырған еді. Сондай-ақ оның тапсырмасымен жергілікті тұрғындардың өтініші негізінде бассейн салу жобасы әзірленді.

🌟 Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы ауданда заманауи спорттық ортаны қалыптастыру жолындағы кезекті маңызды қадам болды. Жаңа нысан спортпен шұғылдану мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, шалқарлықтар үшін белсенді әрі салауатты өмір салтының орталығына айналмақ.