ТЖМ басшысы Мәртөк ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

ТЖМ басшысы Мәртөк ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

 Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында жаңа өрт сөндіру бөлімі өз жұмысын бастады. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысты. Ауылда өрт сөндіру бөлімі соңғы рет 1975 жылы, яғни жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған болатын. Жаңа ғимарат шамамен 30 мыңға жуық адам тұратын 13 ауылдық округ пен 32 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа өрт бөлімінің іске қосылуы тұрғындар үшін төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және сенімді қорғалуына мүмкіндік береді.

  Жаңа нысан Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынды.

  Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және ауыл тұрғындары да қатысты. Нысанның құрылысы өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерін жаңғырту өңірлік бағдарламасының бір бөлігі.

  Мәртөк ауылының тұрғындары өрт сөндіру бөлімінің ашылуы ауыл үшін көптен күткен оқиға, әрі қауіпсіздіктің маңызды кепілі болғанын атап өтті. ТЖМ алдағы уақытта да өрт сөндіру-құтқару инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарын жалғастырып, ауылдық елді мекендерге ерекше назар аударатын болады.