🏥 Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен тоғызыншы ауылдық медициналық пункт ашылды!

🏥 Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен тоғызыншы ауылдық медициналық пункт ашылды!

✔️ Ақтөбе облысында ел қазынасына қайтарылған активтер есебінен тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді. Бұл жолы Мұғалжар ауданына қарасты Жарық ауылында жаңа медициналық пункт ашылды.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен салынған.

🩺 Жарық ауылында 556 адам тұрады. Бұған дейін ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен медбике тозығы жеткен ескі ғимаратта қабылдап келген. Жаңа медициналық пункттің ашылуын жергілікті халық көптен күтті. Қайтарылған активтер есебінен бөлінген 137 миллион теңге ғимарат құрылысы мен заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алуға жұмсалған.

💉 Ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатыр. Оның негізгі мақсаты – шалғай елді мекендерді алғашқы медициналық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету және жедел медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру болып табылады.