🏠🗝️ Тәуелсіздік күнінде құрылысы ұзаққа созылған нысан - «Exclusive» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтер кілттері табысталды!

🏠🗝️ Тәуелсіздік күнінде құрылысы ұзаққа созылған нысан - «Exclusive» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына пәтер кілттері табысталды!

🌟Салтанатты рәсім тапсырылған үйдің ауласында өтті. Іс-шараға жаңа қоныстанушылар, «Ақниет-2022» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің, «RakhmetConstruction group» ЖШС өкілдері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты. Мерекелік көңіл-күй жылы лебіз және қоныс иелерінің алғыс сөздерімен өрбіді.

🚧«Exclusive» тұрғын үй кешені 80 пәтерлі және тұрғындар бірнеше жылдан бері әуре-сарсаңға түсті, одан қалды сот даулары бар. Үй құрылысы 2021 жылдың наурыз айында «Aktobe ROM Group» ЖШС тарапынан басталып, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Соның салдарынан 58 пайшы зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 553 млн теңгеден асқаны сот шешімімен расталды.

✔️Үлескерлердің құқықтарын қорғау мақсатында 2022 жылы «Ақниет-2022» ТҮҚК құрылып, құрылысты аяқтау жұмыстарын үйлестіруді өз мойнына алды және жаңа инвестор-мердігер ретінде «RakhmetConstruction group» ЖШС тартылды. 2023 жылы компания белсенді құрылыс жұмыстарын бастап, биыл үй пайдалануға берілді.

✨«Exclusive» тұрғын үй кешенінің құрылысының аяқталуы — үлескерлер, кооператив және жауапты құрылыс салушының күш біріктіруі арқылы проблемалы нысандарды да сәтті аяқтауға болатынының айқын үлгісі.

📌Айта кету керек, 2023 жылы өңірде үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған «Ақтөбе құрылыс компаниясы» ЖШС құрылды. Осы жұмыс аясында тұрғын үй құрылысына шамамен 6,3 млрд теңге инвестиция салған 845 үлескерге қолдау көрсетілуде.