🏥 Қайтарылған активтер есебінен Ақтөбе облысының шалғай ауылында тағы бір медициналық нысан ашылды

🏥 Қайтарылған активтер есебінен Ақтөбе облысының шалғай ауылында тағы бір медициналық нысан ашылды

🇰🇿Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысының шалғай жатқан ауылдарының бірі - Ырғыз ауданы Нұра ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

🩺 Медициналық нысан Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырыс беруімен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында салынды. Құрылысты салуға 327 миллион теңге бөлініп, мердігер «Кварц-Спецсервис» ЖШС нысанды белгіленген мерзімде аяқтады.

💉Нысан заман талабына сай бой көтерген, барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген және қолданыстағы санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді.

🌟Жаңа медициналық пункт Нұра ауылы тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетеді.