
🇰🇿 Нысандар Мемлекет басшысының халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту туралы тапсырмалары аясында іске асты.
📍 Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бершүгір ауылдық округіне қарасты Сарысай ауылында және Кішіқұм ауылдық округінің Шоқысу ауылында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді.
⚜ Құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункттер елге қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.
️Шоқысу ауылындағы бір ауысымда 20 адам қабылдайтын медициналық пункттің құрылысына жалпы 126,5 млн теңге, ал Сарысай ауылында бір ауысымда 25 келушіні қабылдайтын медициналық пункт құрылысына жалпы 133,8 млн теңге қаражат жұмсалды.
♿ Екі нысан да заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, құрылыс барысында инклюзивтілік талаптары толық сақталды. Қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастырылып, медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалды.
💉 Медициналық пункттердің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға және ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді.
✅ Ақтөбе облысында биылғы жылы қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 9 нысан пайдалануға берілді, екеуінің құрылысы аяқталуға жақын.