
Ақтөбеде шетелден келген инвесторлар, қазақстандық ірі бизнес өкілдері және орталық мемлекеттік органдардың басын қосқан «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы өтуде.
Шараның халықаралық деңгейін айқындаған басты ерекшелік - форумға 20 мемлекеттен өкілдер және 7 елші қатысты.
«Біз әрқашан ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа ашықпыз. Біздің аймаққа инвестиция салуды ойластыратын кез келген инвестор өз бастамаларының әр кезеңінде қолдау мен жан-жақты көмек көрсететініне сенімді бола алады. Ақтөбе облысы еліміздің өзге өңірлері арасында ең үлкен аумаққа, бай табиғи ресурстарға, білікті кадрларға және қолайлы географиялық орналасуына ие. Облыстағы 19 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпорын, арнайы экономикалық аймақ, агроөнеркәсіптік кешендегі жобалар өңірді инвестиция үшін ерекше тартымды етеді», - деп атап өтті Асхат Шахаров.
Форум 40-тан астам шетелдік компанияны, соның ішінде халықаралық ұйымдарды, технологиялық хабтарды және өнеркәсіптік корпорацияларды біріктірді. 25 компанияның өкілдері бар Қытайдан келген инвесторларерекше қызығушылық танытты.
Олар нақты өндіріс саласындағы жобаларға, ғылымды қажет ететін әзірлемелерге, жаңа технологияларды енгізу бастамаларына көп көңіл бөлді. Қатысушы компанияларды инновациялық және әлеуметтік маңызды жобалар, атап айтсақ, жоғары технологиялық орталықтар, өнеркәсіптік хабтар, қаржы институттары, өңдеуші кәсіпорындар мен экспорттық әлеуеті бар агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық перспективалары қызықтырды және халықаралық сарапшылардың пікірінше, ақтөбелік өндірушілердің өнімдері айтарлықтай сапалы, әлеуеті жоғары. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, өңірде мәселелерді тез әрі артық бюрократиясыз шешуге мүмкіндік беретінқолайлы инвестициялық ахуал жасалған.