Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа амбулатория ашылды🏨

Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа амбулатория ашылды🏨

Бегалы ауылында Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қайтарылған заңсыз активтер есебінен салынған жаңа амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Қазіргі таңда елді мекенде 310 тұрғын бар. Жаңа медициналық нысан тәулігіне 25 адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Амбулатория соңғы үлгідегі медициналық техникамен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өз кезегінде сапалы медициналық қызмет көрсетуге, тұрғындардың денсаулығын уақытылы қорғауға кең жол ашады.

⚜️Құрылыс басқармасының тапсырыс беруімен Бегалы ауылында салынған жаңа амбулаторияның құрылысы толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

🔹Жаңа медициналық пунктте алғашқы тексеру, профилактикалық жұмыстар жүргізу, дәрігерге дейінгі көмек көрсету қызметтері қарастырылған. Бұл нысан ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, жедел әрі тиімді көмек алуына мүмкіндік береді