Ақтөбе қаласында Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен 300 орынға арналған жаңа балабақшаның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе қаласында Президенттің тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер есебінен 300 орынға арналған жаңа балабақшаның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Қайтарылған активтерді тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы зор нысандарды салу – халықтың тұрмыс сапасын арттыру мен өңірдің дамуына серпін беретін маңызды қадам.
Жобаның жалпы құны 7 миллиард теңгені құрайды.
Болашақ балабақшада балалардың жан-жақты дамуы үшін 6 блок қарастырылған олар:
-тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған
-көру қабілеті бұзылған балаларға арналған
сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған
-ақыл-ой дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған
-әкімшілік-тұрмыстық корпус
-атриум мен қысқы бағы бар бас кіреберіс
-ойын алаңдары
-заманауи асхана мен медициналық бөлме
-кең аула және жасыл аймақ қарастырылған.

Жобаның мақсаты — мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру және балаларды балабақшамен қамту деңгейін көтеру.
Бұл бастама – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолындағы нақты іс-шаралардың бірі.
Нысанды 2026 жылдың 4-ші тоқсанында тапсыру жоспарлануда.