Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі - СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
1) Негізгі бағыттары мен оны іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын Құжат жобасы («Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасына түсіндірме жазба);
2) Құжатты іске асыру жоспарланған аумақтың сипаттамасы («Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасының сызбалары);
3) Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсерінің жалпы сипаттамасы («Ақтөбе қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп).
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Астанагенплан» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Ақтөбе облысының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қоғам мүшелерін (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) Құжатты іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал болатын елеулі әсерлері туралы СЭБ есебінде Сізді қызықтыратын барлық ақпарат көрсетілген бе? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2050 жж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2025 жылғы 23 қазанға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні - 2025 жылғы 23 қазан).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz,
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрлік Кеңсесінің электронды мекен-жайына жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7(7172) 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
Ақтөбе облысының әкімдігі сайтында.