Ақтөбе қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу жобасы

Ақтөбе қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу жобасы

            «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ әзірлеуші мекеме - «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бірлесе отырып, а.ж. 23 маусымда Ақтөбе қаласының жаңа Бас жоспары бойынша қоғамдық талқылау өткізді.
           Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Ақтөбе қаласының бас жоспарына функционалдық рекреациялық аймақты қоғамдық-іскерлік аймаққа өзгерту бөлігінде түзету енгізу және арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы берілді.
           Осы тапсырманы орындау мақсатында жобаның графикалық бөлігіне және түсіндірме жазбаға өзгерістер енгізілді.
           Бас жоспар бекітілгеннен кейін «Алтын Орда» шағын ауданындағы қоғамдық-іскерлік аймаққа драма театры, стадион, спорт кешені және қоғамдық-тұрмыстық қызмет көрсету нысандары салынатын болады.
           Жаңа Ақтөбе қаласының Бас жоспарына келесі жобалау кезеңдері қабылданды:
           -  Жобалау кезеңінің бастапқы жылы – 2025 жылдың қаңтары;
           -  Құрылыстың бірінші кезеңі – 2030 жыл;
           -  Есептік мерзім – 2050 жыл.