ЕРЛІКТІҢ ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

ЕРЛІКТІҢ ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алдында орналасқан саябақта Таулы Карабах, тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан және шекара шебінде қызмет атқарған жауынгерлердің құрметіне орай еске алу қабырғасының (мемориал) салтанатты ашылуы өтті.

"Ұлы даланың қорғаны - қазақ сарбаздары" деп аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, Таулы Карабах, тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған жауынгерлер, ардагерлер, қала тұрғындары және жастар қатысты.

Жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіз еске алып, еске алу қабырғасына (мемориал) гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов сөз сөйлеп, Отан алдындағы парызына адал болған жауынгерлердің жарқын бейнелері ұрпақ жадында жаңғыра беретінін жеткізді.