7 мамыр - Отан қорғаушы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жаппай жүгіруден (кросс) жарыс өтті.
Оған мекеме қызметкерлері, қала тұрғындары және жастардан барлығы 120-дан астам адам қатысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты жүгірген қатысушылар жүлделі орындарға таласты.
Жаппай жүгіру жарысы Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен бастау алып, аудандық мəдениет үйіне дейін жалғасты. Жарыстың қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты жеңімпаз бен жүлдегер атанғандар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.