ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Бұлақты, Ащысай және Жұрын ауылдарында тұратын тыл ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап барды.

Аудан басшысы тыл ардагерлері Аза Палиенконың, Мәрия Хасанованың, Ақзада Ержанованың шаңырақтарында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.

Тылдағы еңбек ардагерлері аудан басшысына алғыс айтып, ақ тілектерін  білдірді.