
Мұғалжар ауданында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі спартакиадасы өтті. Спартакиадаға Ақтөбе қаласы және облысқа қарасты аудандардан 250-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелді, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Темірлан Садиров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Екі күнге созылған спартакиада ойындары спорттың қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол түрлерінен өтті. Спартакиада ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар дипломдармен және медальдармен марапатталды.