
16 сәуір- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күні. Мерекеге орай аудан әкімдігінде сала мамандарына құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында қызмет етіп жүрген жұмысшылардың еңбектерін жоғары бағалады.
-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы тұрғындардың күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт. Сіздердің күн сайынғы қажырлы еңбектеріңіздің арқасында шаһар тұрғындары жылумен, ауыз сумен, кәріз су бұру және тазарту қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз етіліп келеді. Қандай қиын сәттерде де, ауа райының қолайсыз жағдайларында да, апаттық оқиғалар кезінде де сіздер әрдайым алдыңғы шепте болдыңыздар және бола бересіздер, - деп атап өтті аудан басшысы.
Мерекеге орай бір топ сала мамандары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.