МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ  АУРУХАНАСЫНЫҢ  БАС ДӘРІГЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері болып Абзалбек Иманбайұлы Иманбаев тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бас дәрігерді ұжымға Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Сұлтангереев және аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырды.

Абзалбек Иманбаев 1976 жылы Байғанин ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Байғанин аудандық ауруханасынан бастаған.

Әр жылдары Байғанин аудандық ауруханасында дәрігер болып еңбек етті. 2013-2015 жылдары Байғанин аудандық ауруханасы емхана меңгерушісі, Байғанин аудандық ауруханасы бас дәрігердің мемлекеттік қызмет сапасы бойынша орынбасары қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бастап Байғанин аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.

Кездесуде аудан әкімі Дархан Жанысханұлы Мұғалжар аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін басқарып келген Сәбит Кеулімжаевтың жұмысына алғысын білдіріп, қызметіне сәттілік тіледі.