МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні  Қандыағаш қаласында аудандық мәслихаттың депутатының бос орнына  сайлау өтті.

Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебінде №308 сайлау учаскесіндегі сайлауға 3 үміткер өтініш білдірген.

Олар өзін-өзі ұсынған Данагүл Ибрашева мен Есен Сегізбаев және «Amanat»  партиясының атынан Руслан Құдайбергенұлы түсті.

Сайлаушылар сайлау учаскесіне барып өз таңдауларын жасады.