МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары болып Бақыткелді Жомарт Бақыткелдіұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған орынбасарын Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырды.

Жомарт Бақыткелдіұлы 1987 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары 2008 жылы Алматы экономика және  статистика академиясын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің санитарлық тазалау секторының меңгерушісі, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етті.

Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісі соттардың  инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің басшысы, Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Мәртөк ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Аудан әкімінің жаңа орынбасары құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, төтенше жағдай, азаматтық қорғаныс салаларына жетекшілік етеді.