АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Жағабұлақ ауылының тұрғындарына Мұғалжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мәдени іс-шара өткізілді.

 Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің, Ембі қалалық мәдени орталығының және Жем қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері ауыл тұрғындарына концерттік бағдарламаларын тарту етті.

 Кеш барысында түрлі тақырыптардағы әуезді әсем әндер шырқап, Жағабұлақ ауылдық клубына жиналған тұрғындарының ыстық ықласына бөленді.

 Қиын сәтте күшіміздің бірлікте екенін көрсеткен аудан өнерпаздарына ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдірді.