ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы –                   1 бірлік.

Конкурс өткізу мерзімін «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ осы хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес жұмыс күн өткен соң белгілейді.

Конкурс өткізілетін орын: Қандыағаш каласы, Тәуелсіздік даңғылы, 16 2-інші қабат, 218 кабинет

         Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:        

         Қажетті бейімі бойынша білімнің  және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кәсіби деңгейінің болуы.

 

Көрсеткіштер

Талаптар

Білімі мен мамандығы

Педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық

Жұмыс тәжірибесі

Жалпы жұмыс өтілі – 3 жылдан кем емес, оның ішінде жастармен жұмыс тәжірибесі бар

Функционалдық міндеттері

Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы орган басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы органның басшысына тікелей бағынады және оларға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады. Іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ресурстық орталықтың тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады.

Конкурсқа катысушы азаматтар мынадай құжаттар тапсырады:

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе жұмыс орыннан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • Медициналық анықтама №075/е;
  • Соттылығы болмағаны жөнінде анықтамасы және ҚР Еңбек кодексінің 32 бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірбиесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәрежелермен атақтар беру, ғылыми жариялымдар, осының алдындағы жұмыс орынының басшылығынан кепілдеме және т.с.с) беруіне болады.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Респуликасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Қазақстан Респуликасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кезіндегі жоспарды бекіту туралы» Қаулысын білуге міндетті.

Мекеме қызметінің негізгі мақсаты жастар саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыру.

 

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

 

  • Он сегіз жасқа толмаған;
  • Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да, жағдайлар.

 

Конкурс ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» №1017 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа катысуға қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар 10 жұмыс күн ішінде «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысушылар құжаттарын мына мекен-жайға тапсырады: «Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы (пошта: 030700), Тәуелсіздік даңғылы 16, 218 кабинет.

Байланыс үшін: 871333-3-13-16, mugpolitika@mail.ru

 

 

  Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімі