ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ АДАЛДЫҚ ТАНЫТҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ  АДАЛДЫҚ  ТАНЫТҚАНДАР  МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов көктемгі су тасқыны кезінде қызметіне адалдық танытқан мұғалжарлықтарды марапаттады.

Марапат алғандардың қатарында мекеме және кәсіпорын жұмысшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, ақылы қоғамдық қызметте еңбек ететін жұмысшылар бар.

Сондай-ақ аудан басшысы көктемнің қиын жағдайында көрсете білген төзімділігі мен шыдамдылығы үшін сын сағатта қызмет еткен азаматтарға алғысын білдірді.