Егер Сіз 55 жаста болсаңыз және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасасаңыз, онда бұл ақпарат сізге арналған.

Егер Сіз 55 жаста болсаңыз және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасасаңыз, онда бұл ақпарат сізге арналған.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 55 жастағы адамдарға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) кемінде 7 жыл бойы төленген жағдайда олар Арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқылы. Төлем алудың басты шарты – зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда қызмет етуді тоқтату немесе зиянды факторлардың әсері жоқ басқа жұмысқа ауысу. Төлемдер төрт қаржыландыру көзінен:

 

  • ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде республикалық бюджеттен;

 

  • қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан;

 

  • 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру компанияларынан;

 

  • 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

Төлем зейнет жасына толғанға дейін жүзеге асырылады. Арнайы әлеуметтік төлем алу үшін жұмыс берушіге зиянды еңбек жағдайы жоқ басқа жұмысқа ауысуға немесе еңбек шартын бұзуға өтініш беру қажет. Қызметкерді зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер жұмыс берушіден ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Осы деректердің негізінде жоғарыда көрсетілген төлемдердің барлық түрлерін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілетін болады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан МЗЖ және МКЗЖ есебінен немесе тек МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға келісімді 1414 нөмірінен жіберілетін тиісті SMS-хабарламаға жауап берумен растау.