АРДАҚ НАЗАРОВ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АРДАҚ НАЗАРОВ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы, Еуразияның 2 дүркін чемпионы, Әлем Кубогының иегері, Қазақстанға еңбек сіңірген спортшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров аудандық мәдениет үйінде қандыағаштық мектеп оқушыларымен кездесті.

Аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралиннің қолдауымен өткен кездесудің мақсаты - жастарды білім алуға, Отанды сүюге, құрметтеуге, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Кездесуде Ардақ Назаров ата-бабаларымыздың даналығы мен данышпандығы, батырлығы мен қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, имандылық пен инабаттылық, адамзат құндылықтары және тағы басқа өзекті мәселелер төңірегінде тартымды әңгімелерін сөз етті. Қазіргі жастардың келбеті мен болмысы, өресі мен парасаты және өскелең ұрпақ кімдерге қарап бой түзеу қажеттігі жайында ойға қонымды пікірлерін айтты.
Кездесу барысында оқушылар танымал спортшыға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жауаптарын алды.