Отбасы банк “Отау” жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлайды.

Отбасы банк “Отау” жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлайды.

“Отау” бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.

Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20% - дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме-жылдық 9% (ЖЭС 9,2% бастап). Несие мерзімі - 19 жылға дейін.

Кімдер қатыса алады?
- “Отау” бағдарламасына 18-ден 63 жасқа дейінгі (қоса алғанда) қазақстандықтар, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Алайда жасы 35-тен аспайтын еліміздің жастарына басымдық берілетін болады;

- Маңызды! Бағдарламаға тек Отбасы банк
салымшылары ғана қатыса алады;

- Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;

- Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс.

Өз үйіңізді сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Келесі жазбаларда біз сізге ұпайлардың қалай есептелетінін айтамыз. Біздің парақшамызға жазылып, ең өзекті жаңалықтардан хабардар болып отырыңыз.

@otbasy_bank_aktobe