Аудан әкімдігінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданның экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына үлесін қосып, елдің тыныс-тіршілігіне көмегін тигізген мұғалжарлықтар «Жыл адамы - 2023» аталымымен марапатталды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов пен аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралин жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жыл қорытындысы бойынша марапаттарды табыстады.
Мұғалжар аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі Динара Тлекешева, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Аслан Шайхин, «Combat Jiu Jitsu» спорт түрнінен әлем чемпионы Жандос Қалабай, Қандыағаш электрмен қамту телім бастығы Достан Сүлеймен, «Байқар» шаруа қожалығының басшысы Гүлжан Баймбетова, Мұғалжар инертті материалдар зауыты өндіріс директоры Рысжан Сағынов «Жыл адамы - 2023» аталымымен марапатталды.
Сонымен қатар Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айдын Жәнібек, Мұғалжар аудандық мәдениет үйінің әдіскері, сценаристі Анар Сарина, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты Ілияш Ниязова және жеке кәсіпкер Ажар Мамбетжанова «Жыл адамы - 2023» атағына ие болды. Аудандық мемлекеттік салық басқармасының басшысы Асылбек Нурлин «Үздік мемлекеттік мекеме басшысы» атағын иеленді.
Сондай-ақ кәсіпорындар мен, өндіріс орындарының жұмысшылары аудан басшылығының Алғыс хатына ие болды.