Ақтөбе қаласында Еңбек күніне арналған «Адал азамат - адал еңбек» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып «Еңбек жолы» өңірлік байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Осы байқауға Мұғалжар ауданының атынан қатысқан СНПС-Ақтөбе көлік компаниясының жүргізушісі Нұрлан Атаев "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" номинациясы бойынша III орын иеленіп облыс әкімінің дипломына және естелік сыйлығына ие болды.