Ақтөбе қаласында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 11(12) сыныптарға арналған «Zhubanov Олимпиадасы» өткізілді.
Олимпиада нәтижесінде география бағыты бойынша І орынды Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Аяна Елеусіз иеленді.
Құқық пәні бойынша І орынға Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Нұрталап Сейлхан ие болды.
Физика-математика пәні бойынша Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Арыстанова І орынды иеленді.
Жеңімпаз атанған жоғарыда аты аталған оқушылар ҚЖұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бір жылдық грантын жеңіп алды.
География-шет тілі бағыты бойынша Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Мерей Сержанова, география-тарих бағыты бойынша Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Данияр Нагимулин 50 пайыздық жеңілдікпен,орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша ІІІ орынды иеленген Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Тұмар Асылхан 35 пайыздық жеңілдікпен ҚЖұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бір жылдық оқу гранттарына ие болды.