Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы жергілікті қоғамдастықтың жиналысының ХАТТАМАСЫ

Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы жергілікті қоғамдастықтың жиналысының ХАТТАМАСЫ

18 наурыз 2022ж.                                                        Қандыағаш қаласы

Күн тәртібінде:

  1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану мәселелерін талқылау туралы.
  2. Қала ішілік саябақтарға атау беру туралы.
  3. Қандыағаш қаласындағы атауы қайталанған, идеологиялық тұрғыдан ескірген, мағынасыз атаулар, атаусыз құрамдас бөліктер бойынша көше атауларын беру туралы.

 

ШЕШІМ ЕТТІ:

Қандыағаш қаласының  және оның құрамдас бөліктерінің идеологиялық тұрғыдан атаусыз тұрған көшелерге, соның ішінде:

  • «Достық» м/а көшелерге (царский городоктағы 3 көшелер)-  1 көшеге (№10А, 13А, 13Б, 14А, 15, 16, 17,18, 26А, 25Б, 23А, 22Б, 27А орналасқан үйлердің көшесіне) «АЛАШ» атауын беру;  2- көшеге (№19А, 27, 29, 30, 31, 32, 39, 38, 37, 36, 35, 34, 41А орналасқан үйлердің көшесіне) «Мұғалжар» атауын беру; 3-көшеге(№53, 41, 40А, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 51, 51А, 60, 59, 55, 49А, 49, 58 орнал.үйлерге) «ЕРТІС» атауын беру;
  • «Болашақ» м/ауданындағы 1 көшеге (№72,75, 77, 80, 85, 88, 95, 100, 105Б, 107А орналасқан үйлердің көшесіне) - Тарихи тұлғалардағы 187 тізіміндегі (1864-1919 жж.) Балуан, әнші, композитор, ақын Балуан Шолақ есімін беру.
  • «Самал» м/а 5,6,7,8 квартал (№45, 90, 123, 50, 96, 24, 46, 52, 58, 62, 66, 3, 7, 12, 23, 3, 11, 17, 23, 19, 25, 29, 33, 39 орналасқан үйлердің көшесіне) жаңадан салынған асфальт жолға- «Тарихи тұлғалардың» 397 тізімінде тұрған (1923-2014жж.)  Ғалым,  медицина  ғылымдарының  докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауреаты (Жапония, 1997), 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған Сайым Балмұқановтың есімін беру;
  • «Достық» мөлтек ауданындағы асфальтталған жолға (Тәуелсіздік даңғылы қиылысындағы «Алтын орман»мейрамханасынан бастап  Ақтөбе-Шалқар тас жолына дейін) (№ 1,2,3,4А,5А,8,9)орналасқан үйлердің көшесіне

 Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның есімін беру жөнінде ұсынысы мақұлдансын.

 

Қандыағаш қаласындағы саябақтарға, соның ішінде:

  • Тәуелсіздік даңғылы мен Н.Байғанин көшесінің қиылысындағы жаңадан салынған саябаққа (ост.Горгаздың қасында)- «Алтын сағат» атауын беру;
  • 2018 жылы Тәуелсіздік даңғылы бойында «Қарлығаш» бөбекжай бала-бақшасының жанындағы Алпамыс Батыр ескерткіші орнатылған үлкен саябаққа- «АСТАНА» атауын беру;
  • 2017 жылдың қазан айында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Мұғалжар ауданының әкімі» ММ-нің алдындағы Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, үш бидің ескерткіштері орналасқан саябаққа – «Мәңгілік ел» атауын беру;
  • 2018 жылы Жамбыл Жабаев көшесінің бойындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы «Анаға тағзым» монументі орналасқан саябаққа – «Анаға тағзым» атауын беру;
  • 2018 жылы Ж.Жабаев пен Ө.Қалыбаевтың қиылысында (аудандық ІІ бөлімінің жанынан) жаңадан салынған балалар ойын алаңындағы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші орналасқан саябаққа- «Бақытты Бала» атауын беру туралы ұсынысы мақұлдансын.

 

Қала бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау, талқылау және қала бюджетінің жобасы мен оның атқарылуы бойынша есепті келісу туралы қаралған мәселесіне сәйкес мекемеге қажетті қаражатты ҚР-ның 2006 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 20 бабын, ҚР-ның 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Мұғалжар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №128 «2022-2024 жылдарға арналған Қандыағаш қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу үшін жолдансын.