Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру қағидалары

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру қағидалары

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін
беру қағидалары

Қазіргі кезде Қандыағаш қаласы бойынша 2650 адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы есепте тұр.

2020 жылға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 200 азаматтарға жер учаскесін бөлу жоспарланды, алайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтардың инженерлік желілері, алаңдары дайын болмауына байланысты 70 жер учаскесін беруге мүмкіндік бар.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері арнайы мемлекеттік қызмет болып табылады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады.

Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.

Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жеке меншікке 1000,0 шаршы метр мөлшерде жер учаскесі тегін беріледі.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.

Қосымша ақпарат алу үшін Қандыағш қаласы, Жамбыл көшесі № 64 «А» мкен-жайы бойынша орналасқан « Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімі аппараты» ММ жолығуға болады.

 

«Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімі аппараты» ММ