Құттықтау

Құттықтау

Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Аудан әкімдігінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекелік жиыны өтті. Мерекелік басқосуға аудан әкімі Асқар Шериязданов, аудандық мәслихаттың хатшысы Роза Мусенова және осы салада нәтижелі еңбек етіп жүрген әлеуметтік қызметкерлер қатысты. ⠀Шара барысында сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаған аудан басшысы жоғары кәсібилік және ұйымдастырушылық қабілеттілігі әлеуметтік еңбек саласына елеулі үлес қосқаны үшін мұғалжарлықтардың әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек еткен әлеуметтік қызметкерлерді ҚР Еңбек жəне əлеуметтік қорғау минстрлігінің, грамотасымен, Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының жəне аудан əкімдігі мен аудандық мəслихаттың атынан дайындалған Алғыс хаттармен марапаттады.