ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Ащысай, Ақсу, Сабындыкөл ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде Ащысай ауылдық округ әкімі Баймұрат Оразов округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындардың толғандырған сауалдарына жауап берді.