
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Ембі, Жем қалалық және Мұғалжар ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесулерде округ әкімдері округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстарын баяндады.
Аудан басшысы Дархан Жанысханұлы Ембі, Жем қалаларының және Мұғалжар ауылының тұрғындарымен кездесуде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, толғандырған сауалдарына жауап берді.