БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӨЛІМ  БАСШЫСЫ  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Қанат Жұмабекұлы Мусин тағайындалды. Жаңадан тағайындалған басшыны аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Әр жылдары Мұғалжар аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жетекші маман, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру ақпараттық технологиялар және ұйымдастыру бөлімшесінің жетекші маманы, Қандыағаш қаласы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік шаруашылық бөлімшесінің басшысы, әлеуметтік қамсыздандыру және коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап осы күнге дейін Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.