
Аудан әкімдігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынға облыстық басқарма басшылары, қаржы институттарының өкілдері және ауданның шаруа қожалық жетекшілері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстарын түсіндіру және ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жаңа мүмкіндіктерге назар аударды.
Қаржы институттарының өкілдері шаруаларға арналған жеңілдетілген несие мен қолдау бағдарламаларының шарттарын кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ ветеринария, жер қатынастары, су ресурстары және кәсіпкерлік бағыттары бойынша жауапты мамандар өз салаларына қатысты ақпарат берді.
Жиын барысында шаруа қожалық басшылары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.