ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАПКЕР ҚҰРМЕТІНЕ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАПКЕР ҚҰРМЕТІНЕ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

17-18 сәуір күндері дзюдо күресінен 2013-2015 ж.т.жасөспірімдер арасында Ауған соғысының ардагері, Қандыағаш қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің аға жаттықтырушысы Али Тыныштықұлы Алтыбайдың 60 жас мерейтойына арналған Қандыағаш БЖСМ біріншілігі өтті.

Біріншілік барысында мерейтой иесіне аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің және Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетовтың атынан құттықтау хаттарын табыстады.

Біріншілікке Қандыағаш пен Ембі қалаларынан келген 100-ден астам жас дзюдошылар қатысты. Екі күнге созылған жарыста 9 салмақ бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған спортшылар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.