
Аудан әкімдігінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысына елеулі үлес қосқан белсенді мұғалжарлықтар марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «AMANAT» партиясының төрағасы, Жалпыұлттық коалицияның жетекшісі Ерлан Қошановтың және облыс әкімі Асхат Шахаровтың алғыс хаттарын аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетов және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Сейткамалов табыстады.
Салтанатты жиында аудандық коалиция мүшелері, белсенді жастар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері марапатталды.
Олар республикалық референдумды өткізу кезеңіндегі ауқымды үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарының негізгі қозғаушы күшіне айналды.