
Ембі қаласында Наурыз мерекесі тойланды. Қала әкімдігінің алдында өткен мерекелік іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекеге орай қала аумағындағы мекемелер 9 киіз үй құрып сән-салтанатымен қарсы алды. Мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары наурыз көжеден дәм татып, жастар ұлттық ойындар ойнады.
Наурыз алдымен бейбітшілік пен бауырмалдықтың мерекесі. Жиналғандар бір біріне жыл басы жақсылықпен келсін, деп ақ тілек жаудырды. Мерекелік іс-шара Ембі қалалық мәдени орталығының қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.