КӘСІПКЕР АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

КӘСІПКЕР АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

“Тұмар” мейрамханасында Іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдық мерейтойына орай “Ардагер кәсіпкерлерге мың алғыс” атты мерекелік іс-шара өтті. Алғыс күніне орай жайылған мерекелік дастарханға аудан аумағындағы кәсіп саласының ардагерлері шақырылды.

Іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов кәсіпкерлерді құттықтап, құрмет көрсетті. “Ардагер кәсіпкерге алғыс “ салатанат кеші Қазақстан Республикасының Іскер Әйелдер Қауымдастығының 30 жылдығына арналды.
Ақтөбе облыстық Іскер Әйелдер Қауымдастығы қатысты.

Құрмет көрсетілген ардагерлер қатарында Майра Жанбауова, Раушан Кулшаманова, Зиба Сұңғатова, Ғалима Еламанова, Бахыт Култасова, Жаңғақ Сақтағанова, Зоза Исентаева, Қаражан Ноғаева, Дариха Нысамбаева, Нұргүл Жаңабаева, Гүлнар Бидашқызы, Роза Ахметовалар бар.

Мерекелік дастархан басында ардагерлер өздерінің естеліктерін айтып, жастарға аналық ақ баталарын жаудырды.
Іс-шара соңында аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Гүлсара Кенжебаева бүгінде кәсіппен айналысып жүрген нәзік жандылардың қатары көбейіп, ауданның дамуына серпін беріп отырғанын тілге тиек етіп, жүйелі жұмыстың алдағы уақытта жалғасатынын айтты.

Мерекеге орай Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері мен кәсіпкер әйелдер жетекшілік ететін түрлі той, өнер орталықтарының өнерпаздары мың бұрала би билеп, ауданға белгілі әншілер ән мен жырдан шашу шашты.