АУДАН АКТИВІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

АУДАН АКТИВІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға және түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.

Маңызды жиынға мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аудан активі бас қосқан мәжіліске аудан әкімі Дархан Ермағанбетов төрағалық етіп, елімізде аса маңызды саяси реформалар жүріп жатқанын атап өтті.

Жиын барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары, жаңа Конституция жобасындағы қоғам мен шығармашылық қауымдастыққа қатысты нормалар, сондай-ақ азаматтық институттардың рөлі жөнінде Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев, Мұғалжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шамшат Абдірзақов, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты Ильяш Ниязова және Мұғалжар аудандық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Көмекбай Бектұрғанов ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша шешім республикалық референдумда қабылданатынын, Конституциялық реформа еліміздің саяси-құқықтық және қоғамдық дамуына оң серпін беретінін жеткізді.