
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов ауданның іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерін қабылдады.
Кездесуде аудан басшысы аудандағы әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайтуда, отбасылық құндылықтарды дәріптеуде бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқандығын тілге тиек етті.
Қабылдау барысында аудан әкімі Дархан Жанысханұлы «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимованың атынан Әйелдер қанатының дамуына қосқан үлесі үшін Еңбек ауылдық округінің тұрғындары Анар Абенова мен Ақтолқын Иманалинаны Алғыс хатпен марапаттады.