ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Күлшат Масалимова, облыстық мәслихат депутаты Бану Тілегенова, облыстық мәслихат депутаты, облыстық Атамекен ҰКП жанындағы өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Наурызбек Сарбасов, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Жанна Омарова, «Өрлеу» кәсіби даму институты кафедрасының меңгерушісі Болат Бұқарбаев келді.

Сапар барысында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Мұғалжар аудандық Қамқор отбасын қолдау орталығының, «Altyn sapa Damesh» тігін ательесінің және Мұғалжар аудандық педагогикалық-психологиялық түзету орталығының жұмыстарымен таныстырды.

Бұдан кейін облыстан келген қонақтар аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты алдында тұрған өзекті мақсаттар мен міндеттері талқылау үшін мұғалжарлық әйел-көшбасшыларының қатысуымен өткен көшпелі жиынға қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет тарапынан әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға, әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және олардың қоғамдық саяси өмірге белсенді қатысуына ерекше мән беріліп маңызды шаралар жүзеге асып келе жатырғандығы айтылды. Спикерлер кәсіпкерлерге қолдау көрсету мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар Мұғалжар аудандық Әйелдер қанаты филиалының активі мен ауданның іскер әйелдер қауымдастығының құрамы мен төраайымы таныстырылды. Кездесу соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір топ нәзік жандылар марапатталды.