
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов «AMANAT» партиясы ғимаратында кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады.
Аудан әкімі тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, нақты жауап бере отырып, қабылдауға тіркелген тұрғындардың жеке мәселелері тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Азаматтарды жеке қабылдау «AMANAT» партиясының қолдауымен тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мақсат – аудан тұрғындары мен атқарушы органдар арасында ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді жедел шешу.