АУДАН ӘКІМІ ОКРУГ ӘКІМДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ  ОКРУГ ӘКІМДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов округ әкімдерін қабылдады. Қабылдау барысында округтердің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, басым бағыттар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талданды.

Қабылдауда қалалық және ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, халықтың өмір сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында аудан әкімі Дархан Жанысханұлы қалалық және ауылдық округ әкімдеріне қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, жобаларды іске асыруға бақылауды күшейтуді және нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.